ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Учебно-методический комплекс нового поколения – средство обучения в современной школе

 

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені – қазіргі мектептегі оқыту құралы

 

Астамбаева Жупат Канапьяновна,

старший преподаватель Казахского национального педагогического университета им. Абая.

Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, Алматы қаласы.

 

Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім беру жүйелерінің практикалық іс-әрекетіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологиялар, дербес жағдайда, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге және түйінді құ-зыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған білім мазмұны моделін енгізу, оқу-әдістемелік кешен мен оның құрамына енетін құралдарды жетілдіру жә-не жаңғырту, жаңарту жүзеге асырылуда.

Оқу-әдістемелік кешен – оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қай-нар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында [1] тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшін білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі – оқу құралдарының сапа-сын жақсартып, оларды оқыту үдерісінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен.

Оқу-әдістемелік кешен – дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиын-тығы, оның негізіне алынатын оқулық, оқушының танымдық қызметін басқа-ратын біртұтас әдістемелік жүйені қамтамасыз етеді.

Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:

-                     білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;

-                     әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;

-                     оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;

-                     оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:

-                     мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;

-                     нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;

-                     оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;

-                     оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;

-                     өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.

Оқу-әдістемелік кешен:

-                     мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;

-                     оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;

-                     оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;

-                     оқушылардың мемелекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.

Қазақстанда қазіргі таңда иатематикадан жаңа буын оқу-әдістемелік ке-шен дайындалып, оның құрамын енетін құралдар бастауыш сыныптардың тә-жірибесіне ендірілді. Біз осы құралдардың ерекшеліктеріне тоқталсақ.

 

Сурет 1. Математикадан жаңа оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдар.

 

Оқу-әдістемелік кешеннің құрамды бөліктерінің бірі – бағдарлама. Бағ-дарлама ресми-құқықтық нормативтік құжат. Бағдарлама – оқытудың мақ-саты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе [2].

Математиканы бастауыш оқыту бағдарламалары - төрт бөлімнен тұрады: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндет-тері, оқыту мазмұнына сипаттама; математикалық білім мазмұнының сынып-аралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар, оқушылардың математикалық да-йындығына қойылатын талаптар.

Бастауыш сыныптардағы математиканың білім мазмұнын негізгі жеті мәселе қамтиды, мұндағы білімнің негізгі өзегі - сандардың арифметикасы, ал соның төңірегіне шамалар және олардың бірліктері, есептерді шығаруды оқытып-үйрету, алгебра мен геометрия элементтері сияқты мәселелер топтас-тырылған.

Оқу-әдістемелік кешеннің білім алушыларға оқыту, білім беру жұмы-сында қолданылатын құралдарының бірі – оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта жә-не үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толық-тырады. Оқулық мазмұны мен әдістемелік жағынан оқу бағдарламасына, сы-ныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне, баяндалған білімді балалардың қа-былдау, меңгеру мүмкіндігі мен ойлау дәрежесіне, сөздік қорына, бөлінген уақытқа лайық болуы керек. Бұған қоса, белгілі бір сыныпқа арналған пән оқулығының сол пәннен төменгі және жоғары сыныптарға арналған оқу-лықтармен, сол сыныпқа арналған басқа пәндер оқулықтарымен сабақ-тастығы сияқты мәселелер де оқулық үшін өте маңызды.

Оқулықтағы материалдар әр сабақтың көлеміне шағындалып рет-ре-тімен жаттығу арқылы, оқушылардың логикалық ойлау және танымдық қабі-летін дамытуға да арналған шығармашылық тапсырмалар арқылы берілген.

Баспа негіздегі «Математика дәптері» оқулықпен тығыз байланысты және онымен бірлікте болады, практикалық білік пен дағдыларды дамыту, бі-лім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады. Оның міндеті – әр сабақта жүйелі түрде цифрларды қолдану арқылы мысалдардың, жаттығулардың, есептердің шешулерін жазуға үйрету және тексеру, сынақ жұмыстарды орын-даудың рет тәртібін игеруді қамтамасыз ету.

Математика дәптері тек бірінші сынып оқушыларына арналған. Ол екі дәптерден тұрады, оның біріншісі – бірінші жарты жылдыққа, ал екіншісі – екінші жарты жылдыққа арналған.

Дәптерлерде әр алуан жаттығулар берілген. Дәптерлердің бетіндегі жаттығулар қоршау, бояу, цифрдың элементтерін салу, цифрдың өзін салу, фигуралар салу, сызықтар жүргізу сияқты жұмыстар орындайды, математи-калық жазуларды (есептің қысқаша жазылуын, мысалдың шығарылуын, өр-нектің мәнін табуды, теңдеудің шешімін) орындайды. Дәптердің жоғарғы оң жақ бөлігінде сандар жазылған, ол сандар сабақтың ретін білдіреді.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін келесі құралдың бірі – оқушылардың сабақтағы және үйдегі өзіндік жұмыстарын ұйымдасты-руға арналған «Математикадан дидактикалық материалдар». Мұнда жат-тығулар күрделілігіне қарай төрт деңгейде беріледі: Олар: Мемлекеттік стан-дарт бойынша білімге қойылатын негізгі талаптарға сәйкес тапсырмалар (да-йын күйінде); білім біршама өзгерген жағдайда қолданылатын тапсырмалар; білім жаңа жағдайда қолданылатын тапсырмалар; шығармашылық әрекетті талап ететін, дәстүрлі емес түрде берілген тапсырмалар.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін келесі бір құрал «Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» болып табылады. Құралда түсіндіру, берілген білімді нақтылау, білім, білік, дағдыларды қайта-лау және бекіту, сонымен бірге, білім, білік және дағдылар деңгейін анық-тауға арналған бағдарлама мен әр сыныптың (1-2) оқулығына сәйкестендіріле дидактикалық ойындар мен әр сынып оқушысының жас ерекшелігіне қарай қызықты тапсырмалар іріктелген.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің келесі бір құралы – бастауыш сы-нып мұғалімдеріне арналған «Математика» оқулығына әдістемелік нұс-қау. Бұл құрал әрбір сынып үшін дайындалған. Осы құралда бастауыш сы-ныпта математиканы оқытудың мазмұнына және жүргізілу қырларына қатыс-ты әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар келтірілген. Олар:

-                     әр тарау бойынша оқу мазмұнының сипаттамасын;

-                     оқытылып үйретілуге тиіс математикалық объектілерін шолуды және дайындық қеңгейіне қойылатын талаптар тізімін;

-                     математика сабақтарының басымырақ типінің мазмұны мен құрылымын;

-                     оқу материалының күнтізбелік-тақырыптық үлгі ретіндегі жобалануын;

-                     қорытынды нәтижеге және тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту техно-логиясының мәнді белгілері мен кемшіліктері жайындағы ақпаратты;

-                     диагностикалық құрал және оқыту, бақылау қызметтерін атқаратын тап-сырмалар жүйесін;

-                     ата-аналарға арналған кеңесті қамтиды.

Жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдардың бі-рі – көрнекі көрсету кестелері. Ол – математика пәні бойынша бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған құрал.

Кестелер жиынтығының негізгі мақсаты – оқушылардың математи-калық түсініктер мен ұғымдарды, іс-әрекет тәсілдерін алғаш қабылдауы ке-зінде көрнекілік қызметін атқару. Сонымен бірге, математикалық білім маз-мұнын сапалы, терең әрі берік сақтауға, логикалық ойлау қабілетін, қиялын, байқағыштығын, психикалық сапасын дамытуға, пәнге қызығушылығын, жә-не іс-әрекет белсенділігін арттыруға, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, ғылымның әр саласынан берілетін мағлұматтарды белгілі бір деңгейде баян-дауға мүмкіндік береді.

Кестелердің мазмұны бағдарламада анықталған және оқулықта келті-рілген математикалық білімнің мазмұнына сәйкестендірілген.

Кестелер жиынтығы 32 данадан тұрады [3].

Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі – белгілі тұтастыққа, дербестікке ие және оқу-тәрбие міндеттерін шешуге арналған оқу жабдықтары заттарының жиынтығы. Жекелеген пәндер бойынша оқыту құралдары жүйесінің және олардың мазмұндары, әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен атқа-ратын қызметтерінің мүмкіндіктерінен туындайтын құрылымдық-компонент-тік құрамының өзіндік ерекшеліктері болады.

Жалпы алғанда, математикадан оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін әрбір құралдың өзіндік орны мен маңызы бар, оқушыларға білім беру-де, білік пен дағды қалыптастыруда олардың әрқайсысының рөлі зор екен-дігін айтуға болады.

 

Әдебиет

 

1.                  Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2012 жылғы 27 қаңтар.

2.                  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-том, Алматы, 1998.

3.                  Т.Қ.Оспанов және т.б. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

 

Поступила в редакцию 25.04.2013 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.