ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Пути реализации внутрипредметной связи при обучении математике в начальных классах

 

Какибаева Хыдырбала Сабанбековна,

старший преподаватель Казахского национального педагогического университета им. Абая.

 

Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында пәнішілік байланысты жүзеге асыру жолдары

 

Какибаева Х.С.

Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім білім беру басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа тнхнологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыр; халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттерін көздейді [1].

 Пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру қажеттілігі өскелең ұрпақты әлемді біртұтас қабылдайтын өзін-өзі .дамытушы тұлға ретінде қалыптастыру міндеттерінен туындайды. Дүниені тану үдерісінде кішкене кезден бастап баланың тұлғасы дамиды және оның барлық негізгі қасиеттері қалыптасалы. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарыныңталаптары білім мазмұнын жеке пәндер бойынша емес, білімдік аймақ арқылы интеграциялауға, оқу әрекеті үдерісінде баланың жеке тұлғасын дамытуға, оқушыла дүниенің ғылыми бейнесін біртұтас қалыптастыруға бағыттап, соның нәтижесінде жаңа білім беру жүйесі білімді интеграциялау тұрғысынан жасақталуда [2].

 «Математика» жаңа буын оқулықтарында қамтылған білім мазмұнын пәнішілік байланыстар тұрғысынан қарастыратын болсақ, автор Т.Қ.Оспанов мынадай мәселелер төңірегінде ой тастайды: «Білім мазмұнын интеграциялаудағы басты мәселе әр текті және әр саладағы білімнің элементтерін «біріктіру» мүмкін болатын ортақ негізді (мақсат, міндет, идея, іс-әрекет) анықтау болмақ .

Оқулық авторы Т.Қ.Оспанов «Бастауыш мектепке арналған «Математика» жаңа буын оқулықтарының мазмұндық-әдістемелік ерекшеліктері» атты мақаласында бастауыш мектеп математикасы білім мазмұнының маңызды ерекшеліктері мыналар екендігін атап көрсетеді: курстың арифметикалық, алгебралық және геометриялық бөліктері арасындағы пәнішілік байланыстарды жүзеге асыруы; олардың өзара әрекеттестігін, өзара толықтыру мен өзара әсерін қамтамасыз етуі және осылардың теориялық білімнің рөлін күшейтуге септігін тигізіп, сондай-ақ математикалық заңдылықтар, ережелер, өмір қажеттіліктерінен келіп туындайтын қорытындылардың шарттылығын бейнелейтін теория мен тәжірибенің үйлесімді қарым-қатынасын жүзеге асыруы.

Пәнішілік байланыстарға негізделген мысалдар оқулықта көптеп кездеседі, мысалы: 3-сыныпта тік төтрбұрыштың периметрін табуды көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетімен, 4-сыныпта қорапшаның (сонымен қатар, тік бұрышты параллелепипедтің) көлемін табуды көбейтудің терімділік қасиетімен байланысты қарастыру, сандар мен шамаларға арифметикалық амалдар қолдануды қарбалас оқыту және т.б. Осы деректерге қарағанда, ортақ ғылыми идеяға негізделген пәнішілік байланыстарды жетілдірудің бағыттарын анықтау өзекті мәселе деуге толық негіз бар[3].

 «Математика» жаңа буын оқулықтарында ұғымды анықтауға, яғни оның мәнді белгілерін ахыратуға үйрету қарастырылған. Мысалы: «Сан және цифр ұғымдарын анықтау» барысында санды шығарып алудың әр түрлі (үш) тәсілдері қарастырылады: 1) Кез-келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады (6 дөңгелектің суреті көрсетіледі: Дөңгелек нешеу? (Дөңгелек алтау). Қандай сан шықты? (6) 6 санын қалай шығарып алдық? Санау арқылы, яғни санау – санды шығарып алудың бір көзі және сан - санаудың нәтижесін сипаттайды; 2) Санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы; сан шаманы өлшеудің нәтижесін сипаттайды; 3) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады: 5 + 1 = 6 және 6 –1 = 5. Демек, сан арифметикалық амалдың нәтижесін сипаттайды.

Мысалы, геометрия материалы арифметикалық және алгебралық ұғымдармен байланысты.

1.                  Тік төртбұрыштың ұзындығы 3см, ені 2см. Периметрін табу керек.

Тік төртбұрыштың периметрін екі тәсілмен шығаруға болады:

ә) а =3см, b = 2см, Р = а + b + а + b

 Р =3 + 2+ 3+2 =10 см.

Тік төртбұрыш - геометриялық фигура, периметрін формула бойынша табу. Периметрі - барлық қабырғаларыңың ұзындықтарының қосыдысы (қосу амалы).

а) Р = 2·(а + b)

Р = 2·(3 + 2) =10 см.

Қосындыны санға көбейту арқылы табуға болады.

Арифметикалық, алгебралық және геометриялық мәселелердің пәнішілік үйлесімді байланыста болуын және олардың өзара әсерін, әсерлесуін және бірін-бірі байыта түсуін қамтамасыз етеді.

Пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру мұғалімнің оқытушылық қызметі және оқушының оқу-танымдық әрекеті барысында нәтиже беретін бір үрдістің екі жағы іспеттес құбылыс екендігін жоғарыдағы бөлімде айтқанедік. Сол тұжырымға сүйене отырып,мұғалімнің оқытушылық әрекетінде пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру материалды іріктеу және сол материалды әлдеқайда жемісті игеруге бағытталған оқытудың ұйымдастыру формалары, әдістері мен тәсілдерін таңдауға байланысты болады.

Пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру бағытындағы мұғалім қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы төмендегідей реттілікте болғаны жөн:

1.                  Пәнішілік байланыстарды жүзеге асырудың әдістемелік міндеттерін қою; пәнішілік байланыстардың мазмұнын және олардың не үшін жүзеге асырылатындығын (мақсатын) анықтау.

2.                  Қойылған әдістемелік міндеттерді шешудің әр түрлі нұсқаларын талдау (пән ішіндегі тақырыптың мазмұнына сәйкес).

3.                  Қолданылатын пәнішілік байланыстардың түрін анықтау (логикалық-математикалық, әдістемелік және т.б.).

4.                  Оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу материалының ерекшеліктеріне сәйкес пәнішілік байланыстарды жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау.

5.                  Жүзеге асырылатын пәнішілік байланыстарға аса мән беруге септігін тигізетін оқатудың формаларын, әдіс-тәсілдерін таңдау.

6.                  Әдістемелік шешімнің таңдалынған нұсқасын іске асыратын сабақ жоспарын құру.

7.                  Пәнішілік байланыстарды жүзеге асырудың әдістемелік шешімін оқытудың технологиясы деңгейінде іске асыру[4].

Пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру оқушылардың өзіндік әрекеті мен мұғалімнің оқытушылық қызметінің бірлігіне негізделсе де, жетекші роль мұғалімнің иелігінде болғаны дұрыс. Бұл жағдайда мұғалім қызметінің тиімділігінің көрсеткіші оның оқушыны танымдық әрекеттің объектісі емес, субъектісі ретінде дамыта білу қабілеті болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                  ҚР «Білім туралы» Заңы. №319. 27.07.2007ж.

2.                  ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. - Алматы, РБК, 1998, - 245б.

3.                  Оспанов Т.Қ., Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесі. Алматы, 2005ж.

4.                  Оспанов Т.Қ. және т.б. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. «Фолиант» Астана – 2007.

 

Поступила в редакцию 14.11.2014 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.