ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Использование средств наглядности на уроках математики в начальных классах

 

Какибаева Хыдырбала Сабанбековна,

старший преподаватель Казахского национального педагогического университета им. Абая.

 

Бастауыш сынып математика сабақтарында көрнекіліктерді қолдану жолдары

 

Какибаева Хыдырбала Сабанбековна,

Абай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.

 

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – ұстаз екендігі баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. «Білім туралы» Заңда: Білім беру жүйесінің басты міндеті «…ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген [1].

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі» - көрсетілген [2].

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше.

Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады.

Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы.

Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырдық. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдеріне; өз бетімен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыруға; көрнекі құралдарды пайдалану жүйесіне; дидактикалық материалдарды орынды ретпен қолдануға тоқталып өттік. Осылардың барлығы оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, «ана - өмір тұтқасы» болса, «ұстаз – мектеп тұтқасы» десек артық айтпаймыз.

Оқушыларға математика негіздерінен білім беру, басқа ғылым салаларымен ұштастыру ұстаздардың басты міндеті екенін әрдайым есте тұтқанымыз жөн.

Қазіргі оқу жүйесінде мұғалімдердің кеңінен қолданып жүрген мынадай көрнекіліктерінің түрлері бар:

1.Табиғи (табиғат, өсімдік, жан –жануар, жәндік т.б.)

2. Көлемділік (әралуан заттардың модельдері).

3. Бейнелік (фото сурет, картина т.б.).

4. Графикалық (схема, чертеж, таблица).

5. Дыбыстық (үн таспа ⁄пластинка ⁄,магнитофон, диофильм т.б.).

6. Символикалық (табиғат, географиялық карталары).

Бастауыш сынып математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және сан туралы түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру жэне талдау негізінде кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына жэне оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ак өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді. Көрнекі оку құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған. Математика сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, шаршылар т.с.с. жатады. Суретті көрнекі құралдар жеке, бейнелік көрнекі кұралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер, картинкалар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен қатты қағаздан жасалған кескіндері, нәрселердің немесе фигуралардың кескіндері салынған таблицалар. Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты құралдар болып табылады: математикалық символдар. схемалық суреттер, сызбалар.

Әдістемеде көрнекі құралдарды пайдаланудың ерекшеліктері мен сипатын анықтауда математиканьщ өзіне тән ерекшелігі бар. Түрлі көрнекі құралдар бірінші болып сызбалар схемалар, ұсынылған талапқа жауап бергенде ғана мұғалімге үлкен көмек жасайды. Арифметиканы оқытудың бірінші кезеңінде әрқашанда заттардың жиынына көңіл аударуға тура келеді. Ал геометриалық фигуралар жөнінде қарапайым түсінік беруде олардың жәй ғана модельдері қолданылады[3].

Бастауыш сыныпта сабақ барысында пайдаланылатын көрнекі құралдар демонстрациялық және әр оқушының меншікті құралы болып екіге бөлінеді.

Бірінші топтағы демонстрациялық көрнекі құралдар:

1) клеткаларға бөлініп сызылған тақта;

2) заттар суреттерімен, алмалы-салмалы цифрларымен т.б жұмыстар істеуге арналған қалталы полотно;

3) заттар суреттерінің жиынтығы;

4) үлкенді-кішілі, түрлі-түсті дөңгелектер жиынтығы;

5) санау шыбықтарының жиынтығы;

6) көлемдік кұралдар жиынтығы.

Енді әр оқушының меншікті құралына тоқталсақ:

1) окулықтың қосымшасында берілген калталы полотно;

2) түрлі-түсті жэне үлкенді-кішілі доңгелектер жинағы;

3) санау шыбықтары.

Окыту процесінде көрнекі құралдарды пайдаланудың әр түрлі мақсаттары бар. Атап айтсақ:

а) жаңа материалмен таныстыру үшін;

ә) білімдерін, біліктерін, дағдыларын бекіту үшін;

б) материалдың қаншалықты игерілгенін тексеру үшін.

Көбінесе заттардың өзінен гөрі суретті немесе басқа заттар пайдаланылады.

Мысалы, «Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Қорапта барлығы неше шар бар ?» деген есепті түсіндіру үшін классқа шар әкелудің қажетті жоқ, ол үшін оны дөңгелектер суретін пайдаланса жеткілікті. Мұнда балалардың өздері нәрселерімен жұмыс істегендерінің мәні зор. Балалар парта үстіне алдымен 3 дөңгелек содан кейін 2 дөңгелек қояды. Балаларды олар өз бетінше жұмыс істегенде есептің мазмұнын түсіндіру үшін нәрселерді пайдалануға үйрету керек.

1) Мұғалім басшылығымен балалар шартты суреттерді пайдаланады. Айталық, шардың әр қайсысы дөңгелекпен алмастырылады, дөңгелектердің әр тобын және барлық дөңгелектерді айналдыра қоршаймыз, яғни

Немесе 3 шар - 3 қызыл, ал 2 шар - 2 көк дөңгелекпен алмастырылады. Оқушылар алдымен қызыл, сонан кейін көк дөңгелектердің суретін салады.

Нәрсені илюстрациялаумен қатар 1-сыныптан бастап схема түрінде түсіндіру де пайдаланылады, ол есепті қысқаша жазу.

Есепті қысқаша жазу кесте түрінде, кестесіз сөзбен чертеж түрінде жазуға болады. Жоғарыдағы қарастырылған есепті кестесіз сөзбен былай жазған тиімді.

жазуға болады. Есепті қысқаша жазуды көрнекілікпен көрсету оқушыларды есеп мазмұны мен таныстыруға және орындалатын амалдарды таңдауға көмегі тиеді.           

Математика сабақтарында көрнекілікті қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады, есепті тез шығара алады. Есеп шығаруда көрнекіліктер әр түрлі мақсаттар мен пайдаланылады: жаңа материалды таныстыру үшін, білімдері, біліктерін, дағдыларын бекіту үшін, материалдың қаншалықты игерілгенін тексеру бекіту үшін[4].

Көрнекі құралдар - бұл мұғалімнің сабақты құнарлы өту үшін бірінші орындағы көмекші болып есептеледі. Көрнекі құралдар арқылы түсіндірілген сабақ әрдайым баланың санасында көпке дейін немесе мәңгі қалады.

«Білім негізі - бастауышта деп, тегін айтылмаған. Бұл ұзақ жылдар бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педагогикалық мол тәжірибеден альшған сөз. Иә, білімнің берік негізі бастауышта қолданылады, яғни болашақтың біріненде нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш, тек білімде ғана.

Өйткені бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдаланады, оларға оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін көрнекі -құралдарды пайдаланудың маңызы зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. Астана, Ақорда 2007.

2.                  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, Ақорда 2004.

3.                  Оспанов Т.Қ. және т.б. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. «Фолиант» Астана.

4.                  Т.Қ Оспанов, О.В. Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарға математиканы оқту әдістемесі. Алматы: Атамұра, 2005.

 

Поступила в редакцию 15.01.2015 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.