ISSN 1991-3087
Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100
Яндекс.Метрика

НА ГЛАВНУЮ

Инновационные технологии и их значение в ВУЗах

 

Садуакас Гулбану Темириязкызы,

кандидат педагогических наук, старший преподаватель Казахского национального педагогического университета им. Абая.

 

Инновациялық технологиялардың жоғары оқу орнында алатын орны

 

Сәдуақас Гүлбану Темириязқызы,

Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

 

В статье рассматриваются вопросы внедрения инновационных педагогических технологий в вузе.

 

Following article are considered the pedagogical innovational technologies using in the high educational school.

 

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны еліміздің білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі – жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, кез келген істі шығармашылықпен орындайтын, дүниетанымдық көзқарасы кең, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, рухани бай азамат дайындау.

Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту. Яғни, білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану, жетілдіру болып табылады.

«Инновация» ұғымы латын тілінен алынған, ол – «жаңару, өзгеру» дегенді білдіреді. Бұл түсінік ХІХ ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгілі бір мәдениеттердің кейбір элементтерінің бірінен екіншісіне енгізу дегенді білдіреді.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50-ші жылдары педагогикалық инноватика қалыптасты. Жалпы инноватика – жаңару үдерісі, жаңалық үдерістерінің теориясы, жаңалық ендірулер туралы ғылым. Яғни, педагогикалық инноватика осы ғылым саласындағы жаңалықтар үдерісін зерттейді.

Инновацияны мазмұны, құрылымы, сипатына байланысты әртүрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы мазмұнына байланысты ғалымдар: модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп бөлген. Модификациялық инновация дегеніміз қолда барды дамыту және оның түрін өзгерту, бұған В.Ф.Шаталовтың тірек конспектісін жатқызамыз. Комбинаторлық инновация, бұрын қолданыста болмаған белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру, мысалға әдебиет пен тілді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел бола алады. Радикалдық инновация, білім беру жүйесіне мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.

Бүгінгі күні білім беру сапасын бағалайтын мемлекеттік білім беру стандарты оқытушылардың іс-әрекетіндегі бірнеше инновациялық элементтердің міндетті түрде болуы туралы талаптар қоюға тырысады. Мысалы, В.А.Трайнев, С.С.Мкртчян, А.Я.Савельев сынды ғалымдардың пікірінше: «Бұл тәуекелдік іс болып табылады, өйткені стандарт бес жылда бір рет жасалады, сондықтан оқытушының студенттермен стандартсыз жұмыс жасайтын шығармашылық тұрғыдан іздеу арқылы әрі қарай тәуекел ету қаупін тудырады».

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасыуна көңіл бөліп отыр. Студенттердің инновациялық дайындығын педагогикалық инноватикадан білім деңгейлері мен ғылымилық принципін практикалық тұрғыда қолдана алу біліктілігін есепке алмай жүзеге асыру мүмкін емес. Оқыту үдерісіндегі міндет студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары деңгейде болуы. Яғни, мамандар даярлаудың аумағын кеңейту, оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру және оқыту арқылы студенттердің танымдық қабілеттерін арттыратын белсенді оқыту әдістерін кең түрде қолдану көзделуде.

Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде педагогикалық технологияны қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Болашақ маманның кәсіптік қызметінің негізі болатын контекстік оқыту технологиясы, кәсіптік шеберлігін меңгеруіне арналған іскерлік ойындар технологиясы т.б. технологиялар іске асырылып отыр. Инновациялық оқыту түрлері мен әдістеріне: «ой арқылы шабуылға шығу», «кейс-стадия», «жобалау әдісі», «swot – анализ», «матрица идеясы», «автомобиль әдісі», «экибано», генологиялық ағаш», «сервировка әдіс» және т.б. жатады. Мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болса, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың формасына дәріс, семинар, лабораториялық сабақтар жатады. Сонымен қатар, оқытуды ұйымдастыру, ойын, дебат, дөңгелек үстел, конференция т.б. түрінде жүзеге асырылады. Мысалы дәріс: мәселелік, бағдарламалық, екеуара, кеңес беру дәрісі т.б. түрде болады.

Оқу технологиясын таңдап, іріктеу – студенттің оқу танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Білім берудегі инновациялық технологияларды меңгеру – өте күрделі де ұзақ үдеріс.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі:

·                    іс-әрекет бағыты бойынша;

·                    пәннің түрлері бойынша (гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану),

·                    қолданатын техникалық құралдар бойынша;

·                    оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша (жеке, топтық, аралас);

·                    әдістемелік тапсырмалар бойынша (бір пәнге қолданатын технология, құралдар, әдістер).

Қазіргі оқыту мен оқу ойындары оқу үдерісінде компьютердің қолданылу аясын кеңейтетін мультипликацияны, видео, графиктер мен мәтіндерді қолдануға мүмкіндік беретін мультимедиялық технологияларсыз (ағылшын сөзі multimedia – көп компонентті орта) мүмкін емес.

Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.

 Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән- мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні, «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

 Қазіргі заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Өмір сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы жаңашылдыққа сәйкес болуы керек.

Білім беру саласындағы инновациялық қызмет көрсетуде жеке пәндерді оқыту өз өрісін табуда. Сондықтан ол студенттердің білім беру сапасын жетілдіруде тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа инновациялық-педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                  Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М., Педагогика, 1989.

2.                  Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы обучения. – Алматы, 2005.

3.                  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.

4.                  Әлқожаева Н.С., Төлешова Ұ.Б. Жоғары мектептің оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. – Алматы: Қазақ университеті, 2009.

5.                  Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития. – Алматы: Ғылым, 2001.

 

Поступила в редакцию 26.12.2-14 г.

2006-2019 © Журнал научных публикаций аспирантов и докторантов.
Все материалы, размещенные на данном сайте, охраняются авторским правом. При использовании материалов сайта активная ссылка на первоисточник обязательна.